Қалалық тұрғын үй-коммуналдық қызмет, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, Сүтішев көшесінен Петров көшесіне дейін қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғын үйлерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін учаскелер тоқсан сайын жабылатын болады.
Бірінші кезеңде Сүтішев көшесінен Мұқановқа дейінгі жолдың бір бөлігі, екінші кезеңде Ульяновтан Поповқа дейін және үшінші кезеңде Мұқановтан Партизан көшесіне дейін жабылады.
Бөлім нақты мерзімдерді атамады. Жоба бойынша Горький көшесінің көлік жүретін бөлігін 15 метрге дейін кеңейту, тротуарлар, оң жақ айналма жолдар, ұзындығы 2,1 км жабық нөсер кәрізін орнату, 92 жарықтандыру бағаналарын, аялдама павильондары мен жол белгілерін орнату, ағаш отырғызу көзделген.
29 сәуірде қаладағы тағы бір орталық көше – Бөкетов көшесінің Жамбылдан Назарбаевқа дейінгі учаскесі жабылды. Қала әкімдігі бұл жобаның екі жылдық екенін еске салды. Биыл олар нөсер кәрізін орнатумен және көшені абаттандырумен айналысады. Жұмыс биыл аяқталады.