Салтанатты жиынға Солтүстік Қазақстан облысының барлық этно-мәдени орталықтары қатысты.
Сабан той - татар-башқұрт халықтарының ұлттық мерекесі. Петропавлда биыл 27-ші рет өтіп отырған тойға қала тұрғындарын құттықтауға СҚО аудандары мен Қазан қаласынан шығармашылық ұжымдары келіп, өнер көрсетті.