«Солтүстік Қазақстан өңірінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің жөндеу жұмыстарымен қамтылуына орай Петропавл қаласының айналма жолында (3 шақырым) автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Жол қозғалысы М-51 «Челябинск-Новосибирск» тасжолының 525-532 шақырымдары аралығында жүзеге асырылуда», - деп жазды ведомстводан.