Петропавл қаласындағы ірі сауда үйін өрт шалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы «Айсберг» сауда үйі өртеніп жатыр.

Ғимараттың маңына жүздеген тұрғындар жиналған. Тілсіз жау шамамен кешкі сағат 20.30 шамасында туындаған. Атап айтқанда, сауда орталығының шатырын өрт шалған. Ғимарат орналасқан көше қазір жабық. Оқиға орнында қаланың өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себептері мен шарпыған аумағының көлемі анықталуда.