Петропавл қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының ар жағында, Шаховское ауылының маңында құрғақ өсімдіктер жанды.
Өрт аумағы шамамен 6 гектар. Өртті сөндіру жұмыстары екпіні секундына 25 метрге дейін жеткен қатты желге, батпақты жерге, сондай-ақ биіктігі екі метрге дейін жететін қалың құрғақ шөп пен қамыс өскен алқаптарға байланысты қиындады.
Өртті сөндіру жұмыстарына қосымша құрамында 150 тонна су қоры бар өрт сөндіру пойызы тартылды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында өрт оқшауланып, оның тұрғын үй массиві мен саяжай учаскелеріне таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ.
Айта кетелік Петропавл маңындағы өртті сөндіруге 110 маман мен 30-дан астам техникаа жұмылдырылғаны туралы жазған едік.