Бұл республикалық акция еліміздің қалалары мен өңірлерін көгалдандыру ісінде 90 мың мемлекеттік қызметкерлерді жұмылдыруға бағытталған. Әрбір мемқызметші жаңа ағаш егуге міндетті.
Кеше, 12 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының қызметкерлері «90 мың ағаш» акциясын жүзеге асыруға өз үлестерін қосты.
Петропавл қаласының Бейбітшілік көшесінде 700-ге жуық алма ағашы егілді.
Жалпы, биылғы жылы мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай басқа да ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған. Оның ішінде СҚО мемлекеттік істер департаменті ұйымдастыратын «20 игі іс» қайырымдылық акциясы да бар.