Петропавл темiржол вокзалына эскалаторлар қойылады
Кездесудегі талқыланған басты тақырып - темiр жол вокзалын қайта жаңғырту. 2018 жылы ғимараттың шатырын жөндеу аяқталады. Вокзалдың қасбетi, фойе мен күту залы да жөнделедi. Ең бастысы эскалаторды қою жұмыстары басталады. Ескi баспалдақтар заман талабына сай емес. Онымен көтерiлу қиын. Әсiресе, қариялар мен мүгедектерге өте ауыр. Эскалатор осы мәселенi шешедi.
«Бiзге тұрғындарға сапалы қызмет көрсету өте маңызды. Қазiр вокзалды қайта қалпына келтiру жұмыстары жүрiп жатыр. Онда эскалаторлар қою керек. Шынымен де үшiншi қабатқа сөмкелермен көтерiлу өте қиын», - дедi Құмар Ақсақалов.
«Вокзал кеңес одағы кезiнде салынды. Қазiр оны жөндеу керек. Бұған ақша бөлiндi, 2018-2019 жылдары бұл жұмысты жүргiземiз. Сiз айтқандай, эскалаторлар қоямыз», - дедi Виктор Попов.
Жергiлiктi билiк вокзал маңын қалыпқа келтiредi. Көгалдандыру мен абаттандыруға көп көңiл бөлiнедi. Автобус аялдамалары вокзалға қарай көшiрiледi. Заңсыз тасымалдаушылар мен таксишiлерге қызмет көрсетуге тыйым салынады.
Кездесу соңында Петропавл қаласының әкiмдiгi мен Оңтүстiк-Орал темiр жолы Петропавл бөлiмшесi арасында меморандум жасалды.