Гүлдер салынған құмыра, дельфиндер, саңырауқұлақтар, көбелектер түріндегі туындылар алыстан көз тартады.
«Туған қаламды безендірген ұнайды. Мен жасаған 12 гүл композициясы металл қаңқа негізінде әзірленген. Әрқайсысын 8 адамнан тұратын бригада 2-3 күн дайындадық. Алдағы уақытта қаржылай қолжау тапсақ, бұл жұмыстарды жалғастырамыз. Тағы басқа осындай әсем гүлдерден жасалған мүсіндермен қала көшелерін безендірмек ойымыз бар», - дейді «Коммунхоз Петропавловск» ЖШС шебері Бейбіт Смағұлов.