Петропавлда 2 жасар баланы құтқарған ер адам марапатталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицейлер баланы құтқару үшін бесінші қабаттың балконынан бір қабат төмен секірген ер адамды марапаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпара» ХАА тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметініңмәліметіне сәйкес, Петропавл қаласы Полиция басқармасы басшысының міндетінорындаушы Нұржан Қожағұлов Дмитрий Зайцевке алғыс хат пен қолға тағатын сағатсыйлады.

Еске сала кетейік, екі апта тұрын петропавлдықазамат қайғылы оқиғаның алдын алған еді. Ол балкон арқылы төртінші қабаттаорналасқан пәтерге еніп, ашық терезенің алдында тұрған екі жасар баланықұтқарған.

«Уақыт тығыз еді. Астындағы адамдар көрпеніжайып жіберді. Өзімнің қауіпсіздігім жайлы мүлде ойлаған жоқпын», - деді Д.Зайцев.

Петропавлда биылғы жылы көп қабатты тұрғын үйлердіңтерезелерінен құлап, қаза тапқан екі баланың өлімі тіркелді.


Олеся Жуковень