Әлеуметтік желілерде жігіттің терезеден секіргеннен кейінгі видеосы тарап кетті. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға Жуков көшесі 5А үйінде болғанын растады. Терезеден осы үйдің тұрғыны секіріп кеткен.
«Жедел жәрдем көлігімен жігітті 3-ші қалалық аурухананың реанимация бөлімшесіне жеткізген. Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, омыртқасынан жарақат алған азамат облыстық ауруханаға жеткізілген.
«Жігіт бел омыртқасынан ауыр жарақат алған. Ертең ота жасайды. Алда 5-6 сағатқа созылатын күрделі ұзақ ота күтіп тұр», - деді облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног.
Олеся Жуковень