Оқушының анасы үш күннен кейін ғана ұлының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабар берген. Жас бала үйінен шығарда ұялы телефонын алмай, ескертусіз шығып кеткен.
«Ата-анасының айтуынша, бала дәл бұлайша үйден ескертусіз шықпаған. Баланы іздеу жұмыстарына қаланың барлық полиция қызметі, жол сақшыларынан бастап жасөспірімдер жөніндегі полция қызметкерлерінің бәрі жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары кезінде қаланың түкпір-түкпірі, жастардың көп жүретін орыны мен компьютерлік клубтардың барлығы тексерілді», - деп хабарлайды ІІД-нен.
Ақыры, құқық қорғаушылар жас баланы қаланың 20-шағын ауданында темір өткізетін орыннан тауып алған. Жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция баламен жұмыс жүргізіп, оны ата-анасына тапсырған.