Оқиға 17 қыркүйек күні болған. Бір сәт ересектердің бақылауынсыз қалған бала терезеден абайсызда құлап кеткен.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір осы дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.
– Баланы жалғыз өзін қараусыз қалдыруға болмайды. Пәтерде қауіпсіз жағдай жасап, терезелерге үйді желдетуге арналған арнайы бекіткіштер орнату қажет, - деп еске салды тәртіп сақшылары.
Бұған дейін Астанада терезеден құлаған 3 жасар баланың көз жұмғанын жазған едік.