Жүк көлігі екінші сынып оқушысын Жамбыл және Абай көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында қаққан.
«54 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер жолын байқамағанын айтты. Облыстық наркологиялық орталықтың актісіне сәйкес, жүргізуші сау болған. Жарақат алған қыз бала облыстық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Автор: Олеся Жуковень