Петропавлда адам денесінің бөліктері табылды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Кеше Петропавлдағы аулалардың бірінен адам денесінің бөліктері табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметі аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Полицейлер 69 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен оның  жанында бірге тұрған 1962 жылы туған әйелді ұстады.Тергеу аясында қажетті іс-әрекеттер мен сараптамалар жасалып жатыр. Оқиғаның мән-жайы алдағы уақытта анықталады»,-деді баспасөз қызметі.

Тергеу талаптарына сәйкес, әзірге нақты ақпарат берілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар