Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «ASHYQ» жобасына осы күнге дейін 56 кәсіпкер қосылды. QR-код алғандардың ішінде 37 нысан бар. Оның ішінде 2 фитнес орталық, 4 кинотеатр, 3 театр, филармония мен бассейн, 21 қоғамдық тамақтану орны, 2 сауна, бильярд клубы, компьютер клубы мен мейманхана бар. Тағы 19-ы тест режимінде жұмыс істеп жатыр.
«Тест режимінде жұмыс істеп жатқандардың ішінде университеттің 7 корпусы, әскери бөлім мен әскери институт бар. «ASHYQ» жобасына қосылу локдаун кезінде жұымс істеуге мүмкіндік береді. Сол себепті жобаға қосылуға ниет білдіргендердің қатары артып келеді. Қазір біздің қарауымызда тағы 30 шақты өтініш жатыр», - дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұлов.
Алайда, нысандар тиісті талапты орындамаған жағдайда жобадан шығып қалуы мүмкін.
«Мониторингтік топ тексеріс барысында нысанның талапты бұзғаны, яғни олардың келушілерге 3 күннен артық check-in жүргізбегені анықталса жобадан 2 аптаға шығарылады. Егер екінші рет қайталанса 2 айға жобадан қуылады», - дейді Арман Оразғұлов.