Жуырда Петропавл қаласының тұрғыны әскери қызметшілерден кішкентай балаларын табуға көмектесуін сұрады. Әйел жұмысына кеткенде, балаларға қарап қалған күйеуі ішімдік ішіп алған. Кешкісін жұмыстан оралған әйел үйден күйеуі мен балаларын таппайды. Көршілес тұрғындар үйдің артындағы гараждар жақтан балалардың дауысын естігінін айтқан.
- Біз жедел іздестіру тобын шақырдық. Олар үй артындағы гараждың есігін бұзып, ондағы автокөлік жүксалғышынан байланған балаларды тауып алды. Балаларды үйіне жіберіп, түннің жарымына дейін әкелеріне іздеу салдық, - деді командир орынбасары аға лейтенант Асхат Темірханов.
Тергеу нәтижесінде әкесі балаларын байлап, гаражға жасырып, өзі ішімдік ішіп кеткені анықталды.