Куәгерлер оқиға орнындағы суреттер мен видеоларды барлық әлеуметтік желіге таратты. Ақ түсті «Ауди» қала көшелерінің бірінде қасындағы көліктерді соғып, содан соң аударылған.
СҚО ІІД баспасөз қызметі К. Сутюшев көшесіндегі жол-көлік апатын растап, «Ауди» маркалы көлік жүргізушісінің қашып кеткенін мәлімдеді.
«Ауди» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың жиегіндегі тұрақта тұрған автомашиналарды соққан. Жол-көлік апаты салдарынан машина аударылып, оның жүргізушісі апат орнынан жаяу ізін суытқан. Жергілікті полиция қызметі ЖКА орнында қажетті іс-шараларды жүргізгеннен кейін, машинаны айыппұл тұрағына қойды», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
СҚО ІІД ЖПҚ іздеу бөлімінің бастығы, полиция капитаны Мадияр Хариповтың айтуынша, жүргізуші анықталуда, оны ұстау шаралары жүргізілуде.