Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
«Я.Гашека, 1А мекенжайында салынып бітпеген қоймалар бар. Қоймалар бос тұрған, онда ештеңе сақталмаған. 4 мың шаршы метрлік шатыр опырылып түскен. Қоймалар жеке меншік иесіне тиесілі», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Оның неден қирағаны анықталып жатыр.