Петропавлда автосервис өртке оранды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ПЕТРОПАВЛ.KAZINFORM - Петропавлда «Айман» автосервис орталығы өртенді. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алдын ала болжамға сай өрттің аумағы 230 шаршы метр. Өртті сөндіруге СҚО облысының ТЖД жеке құрамының 35 адамы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылған.