Петропавлда айтыс жеңімпазына 600 мың теңге берілді
Айтыс қазақтың біртуар жазушысы, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Ғабит Мүсіреповтың 115 жылдығына арналған. Оған Қазақстанның 9 облысынан келген 12 суырыпсалма ақын қатысты.
Бас жүлде мен 600 мың теңгені халықаралық ақындар айтысының жүлдегері, Павлодар облысынан келген Аспанбек Шұғатаев иеленді.
1 орын қарағандылық суырыпсалма ақын Мақсат Ақановқа, екінші орын солтүстікқазақстандық Мұхамед Қоңқаевқа берілді. Соңғы жүлделі орын қарағандылық Дидар Қамиевке бұйырды.
Тұрсынбек Кәкішевтың «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының арнайы жүлдесін және 300 мың теңгені Қызылорда облысының аруы Мөлдір Айтбай жеңіп алды.
Шығысқазақстандық Нұржан Өмірбаев М.Жұмабаев ауданы әкімдігінің арнайы жүлдесіне лайық деп танылды. Ол 200 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болды.