Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін түнде сағат түнгі 1.30-дар шамасында болған. Петропавлдағы Ж.Жабаев және Пионер көшелерінің қиылысында Әзербайжан Республикасының 55 жастағы азаматы «ВАЗ 211540» автокөлігімен жол шетінде тұрған «Lexus» және «Honda» машиналарын соққан. Салдарынан көлік жүргізуші түрлі жарақат алып, облыс орталығындағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді.
Жеңіл көлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасына қатысты барлық материалдар істің анық-қанығына жету және процессуалдық шешім шығару үшін Петропавл ПБ әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.