Петропавлда азық-түлік дүкенінен өрт шығып, 68 адам эвакуацияланды

Фото: Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Петропавлдағы Конституция көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкенінен өрт шықты.

ҚР Төтеше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындардың эвакуацияланды.

Зардап шеккендер турпалы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ құтқарушылары 68 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады.

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Эвакуацияланғандарды жылыту үшін вахтовка жұмылдырылған.

Оқиға орнында ТЖД бастығының басшылығымен 3 өрт сөндіру учаскесі мен жедел штаб ұйымдастырылды. ТЖД психологтары да жұмыс істеуде.

Құтқарушылар өртпен арпалысып жатыр.

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Осыған дейін Риддерде өртенген үйден адамды құтқарып қалған 22 жастағы жігіт марапатталғанын жаздық.