Петропавлда Азия чемпионын автобус қағып, мерт қылды
Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин жазды.
«Облыстық барлық спорт қауымдастықтары керемет жас спортшы - өңір мен ел мақтанышының қаза табуына байланысты қайғырып, көңіл айтады» - деп жазды Р.Есеналин.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі 23 жастағы бойжеткеннің жол-көлік оқиғасынан қаза тапқанын растады.
«21 қарашада кешкі сағат 18:00 шамасында Петропавлда Жабаев-Чайковский көшелерінің қиылысында маршруттық автобус жүргізушісі 23 жастағы қала тұрғынын қағып кетті. Бойжеткен алған жарақаты салдарынан қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
«Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды.