ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, тұрғындарды эвакуациялады. Барлығы 33 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің одан әрі өршуіне жол берілмей, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
ТЖМ өрттің алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу құтқару қызметіне хабарласып, сабыр сақтау қажеттігін ескертті.
Осыған дейін Ақтөбеде көпқабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 10 адам қауіпсіз жерге көшірілгені туралы жаздық.