Петропавлда бір күнде 3 бала суға кете жаздады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда құтқарушылардың қырағылығының арқасында үш жасөспірім ажалдан аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғабірінші тамызда болған. Құтқарушылар әдеттегідей кісі көп демалатын ПетропавлдағыЕсіл өзені және Пестрое көліндегі жағажайларға кезекшілікке түскен.

«Күн ыстық, сол себепті суға шомылуға келген демалушылардың да қарасы қалыңболды. Мұндайда әсіресе балаларды көзден таса қылмау керек. Кешкі 18.00-дершамасында үрлемелі матраспен көл шетінде жүрген 12 және 13 жасар екі балаойынға беріліп, қалай судың терең жеріне кетіп қалғанын байқамай қалды. Біркезде қатты жел тұрып, матрасты аударып тастады. Екі бала суға бата бастады», -дейді оқиға орнында болған құтқарушылар.

Жедел-құтқару жасағының кезекшілікте жүрген мамандары Алмас Жакин менРуслан Асқапов балаларға көмекке ұмтылды. Жасөспірімдер аман-есен жағағашығарылды.

Осыған ұқсас оқиға сол күні күндіз Есіл өзеніндегіқалалық жағажайда болған. Суда ойнап жүрген 11 жасар қыздың үрлемелі шеңберінжел өзен ортасына қарай ұшырып әкеткен. Ойыншығының артынан жүгірем деп батабастаған қызды сол жерде кезекшілікте жүрген қоғамдық құтқарушы ӘділетЖүнісов пен жедел-құтқару жасағының медбикесі Муршида Обознова көріп қалған.Жеткіншек құтқарылып, жағада оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Облыстың құтқарушылары осыдан бірер күн бұрын арнайышомылу құралынсыз суға түсіп, жағаға жете алмай бата бастаған екі жас қызды құтқарған еді.

Жалпы, жыл басынан өңірдегі су айдындарында 17 адам суға кетіп, қазатапты.