Автомобиль Жағалау көшесінде апатқа ұшыраған. СҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жүргізуші тірі қалған.
«Жол апаты салдарынан жүргізуші дене жарақатын алған, оған медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Бұдан бұрын дәл осы күні Петропавл орталығында екі көліктің соқтығысуы салдарынан ФАТ автомобилі аударылған болатын.
14:27, 20 Сәуір 2018
Петропавлда бір тәулікте екі көлік аударылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 19 сәуір күні кешкісін Петропавлда Тоyоtа Surf автокөлігі аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.