«Жылу желісін жөндеу таңға қарай аяқталды. Жүйе толтырылып жатыр. Қазірге 8 мектеп пен 4 балабақша жылуға қосылмай отыр. Барлық оқу орындарында қалыпты температураны сақтау үшін жылытқыштар орнатылған», - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Кеше Петропавлдағы 100 үйге жылу берілді. Тағы соншасы бүгін қосылады. Дәл қазір 1061 көппәтерлі үйдің 836-сында жылу бар.