- Бұл машинаның салмағы 16 тонна. Оның көмегiмен ескi асфальтты кесiп, үгiтемiз. Кейiн технология бойынша жаңа материалдар қосылып, жаңа қыртыс төселедi, деді «Су-808» ЖШС жұмысшысы Александр Станкевичюс.
Қаланы Береке ауданымен байланыстыратын Батыр Баян көшесi 10 жыл бойы жөндеу көрмеген. Осы күнге дейiн тас жолдың быт-шыты шығып, ойылмаған жерi қалмаған. Кейiнгi кездерi бұл көшенiң әбден тозуына байланысты көлiктер сирек қатынайтын болған. Ендi мiне айта-айта жауыр болған жол мәселесi бiртiндеп өз шешiмiн тапқандай. Биыл 117,6 млн теңгеге Батыр Баян көшесiнiң 25 мың шаршы метрi, яғни Абай мен Радищев көшелерiнiң бөлiгi жөнделмек. Дәл қазiр қолайсыз ауа райына қарамастан жұмыстар жалғасып жатыр.
- Бiз мұнда үшiншi күн ресайкiлеу әдiсi арқылы орташа жөндеу жұмыстарын жүргiзiп жатырмыз. Участокта 8 бiрлiк техника және 15 қызметкер еңбек етуде. Алдағы уақытта олардың саны ұлғаяды. Барлық жұмысты бiр айдың iшiнде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, - деді «Су-808» ЖШС директорының орынбасары Алексей Бережной.
Жалпы биыл 1 млрд 438 млн теңгеге 20 шақырым жол жөндеу көрмек. Ол Васильев, Егемен Қазақстан сынды көшелер. Оның сапасын жүргiзушiлер алдығы уақыттарда көре жатады, деп хабарлады mtrk.kz