Петропавлда биыл полицейлерге бағынбаудың 195 фактісі тіркелді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жыл басынан бері полицейлердің заңды талабына бағынбағанбаудың 195 дерегі тіркелді. Тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтың бұл түріне қатысты жауапкершілікті еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейге бағынбау фактілерінің басым көпшілігі қоғамдық тәртіпті бұзушылардың медициналық тексеруден өтуге құлықсыздығымен байланысты. Мәселен, түн ортасында Петропавлдағы Кирпичный көшесінде жанжалқой патрульдік көлікке отырудан бас тартты. Сол күні таңертең Астана көшесінен куәландыру үшін жеткізілген тағы бір петропавлдық облыстық наркологиялық орталықтың ғимаратына барудан бас тартты. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 667-бабы бойынша хаттамалар жасалды. Баптың санкциясы 30 АЕК мөлшерінде айыппұлды, не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды, құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда — 15-тен 20 тәулікке дейінгі қамауға алуды қарастырады.

«Жарты жылдың ішінде облыс орталығында осындай 195 факт тіркелді. Сондай-ақ, медициналық куәландырудан өтуден жалтарған жүргізушілер үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 613-бабының 4-бөлігі барлығына назар аударамыз. Олар үшін жаза 15 тәулікке қамауға алу және 8 жылға басқару құқығынан айыру. 6 ай ішінде осы бап бойынша 13 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Қала тұрғындары мен қонақтарын заңды қатаң сақтауға шақырамыз», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Тасболатов.