Петропавлда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 17 жоба қолдауға ие болды

None
ПЕТРОПАВЛ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Петропавлда биылғы жылдың алғашқы тоқсанында экономиканың басым салаларында қызмет ететін кәсіпкерлерге жалпы сомасы 326,4 миллион теңгеге 17 жобаны іске асыруға қолдау білдірілді.

Статистика басқармасының 2013 жылдың 1 наурызындағы деректеріне сәйкес, шаһарда 17353 жеке кәсіпкер тіркелген. Бағдарламаның алғашқы бағыты («Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау») бойынша 14 жобаны жүзеге асыруға субсидиялар берілді, жеңілдетілген несиенің жалпы сомасы 196,4 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ бір несиеге кепілдік ұсынылды, оның көлемі - 10 млн. теңге. Ал кепілдендіру соммасы 5 млн. теңгені құрады.

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты (Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту) бойынша жалпы сомасы 120 млн. теңгені құрайтын екі жобаға субсидиялар ұсынылды.