09:18, 22 Сәуір 2009
Петропавлда бомба қойылған автомашина жарылды, жүргізуші ауруханаға түсті - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Петропавлда кеше, сәуірдің 21-і күні төтенше оқиға орын алды.
Қолдан жасалған бомба қойылған көліктің күлі көкке ұшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Сағат 08.58-де «Daewoo Nexia» көлігінің астында, жүргізуші отыратын жағына қойылған жарылғыш құрылғы іске қосылған. Мамандардың пайымдауынша, онда 100 грамдай тротил болған. Жарылыс салдарынан 45 жастағы жүргізуші дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.