Қалалық ІІБ-ның бастығы, полиция полковнигі Владимир Федоришин ІІБ-нің өткен тоқсандағы қызметінің негізгі бағыттары туралы айта келе, қалада мүліктік қылмыстар әлі де кең таралып отырғандығын атап өтті.
«Әсіресе, бөтеннің мүлкін ұрлау фактілерінің ерекше өсімі - 66,3 пайызға, тіркеліп отыр, соның ішінде азаматтардың пәтерлерін тонау - 102,5 пайызды құрады. Сандық көрсеткіште айтсақ, өткен жылы 131 қылмыс болса, биыл - 188. Ұялы телефондарды ұрлау 110 пайызға артты», - деді қаланың бас полицейі.
Әкішілік полицияның қызметі туралы ІІБ басшысының орынбасары, полиция майоры Нұржан Қожағұлов баяндады.
«Қылмыстардың санын азайту және олардың алдын алу мақсатында учаскелік инспекторлар және кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі бойынша бөлімшенің қызметкерлері бірқатар іс-шаралар өткізуде. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, қоғамдық жерлерде мас күйінде жүргені үшін 2497 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ол.
Түйткілді мәселелерді атап өткен облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, полиция полковнигі Мұрат Орымханов, сеніп тапсырылған учаскелерде жедел-қызметтік жұмыстарды арттыру ұсынысын жасады.