СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметініңхабарлауынша, дербес деректерді пайдалану арқылы жасалатын интернет алаяқтықкүннен-күнге кең таралып келеді.
Петропавл қаласының 19 жастағы тұрғыны интернетарқылы микрокредиттік ұйымнан 22 мың теңгенің несиесін рәсімдеген. Ол үшін құрбысыныңқұжаттарын пайдаланыпты. Кейін танысына туған-туыстары ақша жіберуі үшін оныңбанк картасының нөмірін бергенін айтқан. «Құрбысынан» қаскүнемдік күтпегензардап шегуші картасына түскен ақшаны алып береді. Өтірік «қарызды төле» деген хабарламаларкеле бастағанда ғана ашылыпты.
«Бұл жағдайда қыздың құжаттары пәтерде көзгекөрінетін жерде жатқан. Алайда көп жағдайда қаскүнемдер өз құрбандарының дербесдеректерін қашықтықтан алуға тырысады. Интернет арқылы келісім жасағанда оларқұжаттардың: жеке куәліктің, түбіртек, чектердің фотосын жіберуді сұрайды.Бұлардың әрқайсысы сіздің қаржыңызға жол ашуы мүмкін. Тіпті жеке куәліктегіфотоның өзі несие рәсімдеуге жеткілікті», - дейді СҚО ПД Криминалдық полициябасқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Жұмалиев.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, алаяқ интернетарқылы тауар сатып алатындығын айтып, сатушыға телефонына хабарлама арқылыкелген кодты айтуды сұрайды. «Код - алдын ала төлем жасау үшін қажет» дептүсіндіреді. Шындығында кодқа қол жеткізген алаяқ оның банк шотына кіругемүмкіндік алып, ондағы бар ақшаны шешіп ала алады.
Интернет алаяқтықтың тағы бір кең тараған түрі –қымбат дүние, мысалы, пәтер алушыны алдау. Арзан пәтерге қызыққан сатып алушыхабарласқасын-ақ, алаяқ өзінің шет елде жүргенін, пәтердің ақшасын толықтөлеген жағдайда ғана келетінін айтады. Ол үшін сатып алушы толық сомманыөзінің кез келген туысқанының шотына аударып, түбіртектің көшірмесін салыпжіберуі қажет. Оны алғасын-ақ қаскөй шоттағы ақшаға әлемнің кез келген банкіненеш қиындықсыз қол жеткізеді.
«Интернет алаяқтардың құрбанына айналмау үшіндербес деректерді ешкімге айтпау керек. Жеке куәліктің, банк карталарының,түбіртектердің фотосуреттерін ешкімге бермеңіз. SMS хабарлама арқылы келетінкодтарды, жасырын сөздерді, пин-кодтарды құпия сақтаңыз», - дейді МаратЖұмалиев.
СҚО-да полицейлер жыл басынан интернет алаяқтыққатысты 29 қылмысты ашты.