СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавлдағы «Лана» дәмханасында өрт шыққаны туралы хабар таңғы сағат 05.27-де түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде ғимарат отқа оранып үлгерген екен.
Мамандар өртті 07.04-те толық ауыздықтады. Ғимараттың 120 шаршы метріне айтарлықтай зақым келіп, шатыры, төбесі мен қабырғалары бүлінді.
Қазіргі уақытта келген шығын мөлшері мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
«Лана» дәмханасы Қожаберген жырау, 1 мекенжайы бойынша қалаға кіре берісте, жол бойында орналасқан.