СҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, саяжай кооперативінде кепкен шөптің жанып жатқандығы жайында хабар арнайы қызметке түскі 13:14 мин кеп түскен. Оқыс оқиға орнына Петропавлдағы № 2 және № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылды.
Мамандардың айтуынша, өртті сөндіруде дауыл кедергі келтіруде. Желдің күші - секундына 21 метр. Сағат 14:05-те шақыртудың үшінші нөмірі жарияланды. Төтенше оқиға орнына Петропавл қаласы өртке қарсы қызметі гарнизонының барлық күші жіберілді. Қазір 13 техника жұмыс істеп жатыр.
«Өрт салдарынан 5 саяжай учаскесі жанып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Иллюстрациялық фото