Петропавлда ер адам 4-қабаттың терезесіне шыққан сәбиді құтқарды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қала тұрғыны көп қабатты үйдің терезесінде тұрған екі жасар сәбиді аман-есен түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаментібаспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға Петропавл қаласы Шухов көшесіндегібес қабатты үйлердің бірінде болған. Екі жасар нәресте төртінші қабаттыңтерезесінен құлап кете жаздады. 46 жастағы қала тұрғыны Дмитрий Зайцев бесіншіқабаттың балконынан төмен түсіп, пәтерге кіріп, сәбиді терезеден түсіріп алды.

«Даладан айқай-шудыестідім. Ауладағы адамдар ашық терезеде тұрған баланы көріп, қай пәтер екенінанықтай алмай жатыр екен. Көп ойлануға уақыт болмады. Бесінші қабаттыңбалконынан төмендегі балконға секірдім. Сәби келесі бөлменің терезе жақтауындатұр екен», - дейді Дмитрий Зайцев.

Тәртіп сақшыларыныңайтуынша, балаға қарайтын әйел түнгі кезекшіліктен соң қатты ұйықтап кеткен.Қазір нәресте оқиға кезінде жұмыста болған анасына табысталды.

«Бұл оқиғақаһармандардың арамызда жүргенінің дәлелі. Олар үшін азаматтық парыз бос сөземес», - дейді Петропавл қалалық Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов.

Соңғы жаңалықтар