Жедел қызметкерлер тоғыз жарым грамм героин орта есеппен 30 рет қабылдауға жететінін айтады.
«Жігіт Петропавл қаласы ішкі істер департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына жіберілді. ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Осы бап бойынша ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дулат Жақышевтің айтуынша, жыл басынан бері облыста заңсыз айналымда жүрген 53 килограмнан астам есірткі заттары тәркіленген, соның 220 грамнан астамы - героин.
18:10, 02 Сәуір 2018
Петропавлда ер адам героинмен ұсталды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүтікқазақстандық полицейлер 9,45 грамм героині бар ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.СҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Петропавлдың 27 жастағы тұрғыны қаланың орталығында, Парковая-Ульянов көшелерінің қиылысында ұсталған.