Петропавлда ер адам өз үйінде өртеніп кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда өртенген үйден ер адамның денесі табылды. деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Солтүстік Қазақстаноблысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметініңмәліметінше, өрт Февральский көшесіндегі бірқабатты үйде болған.

«Өрт сөндірушілеркелген кезде бір қабатты үйдің шатыры периметр бойынша түгелдей түтінгеоранғанын анықтады. Үйдің қабырғалары мен төбесі жанып жатқан. Жалындысөндіру кезінде 62 жастағы үй иесінің жансыз денесі табылды», - деді баспасөзқызметінің өкілі.

Қазіргі таңда тілсізжаудың шығу себебі мен материалдық шығынының көлемі анықталуда.

Жыл басынан беріөңірде өрттің салдарынан 24 адам көз жұмған, олардың ішінде бір бала бар. 14адам, соның ішінде 3 бала, жарақат алған. 34 адам құтқарылды.