Бұл жеке көрме емес, алайда оның идея авторы және ұйымдастырушысы интерьер және дизайн студиясының басшысы Олеся Гонтарь болып табылады.
Ол қолөнермен айналысады және түрлі техникаларды меңгеруде. Оның хоббиі өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған. Ол ғаламторда өзі секілді Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлеріндегі шеберлермен танысқан.
Қазіргі таңда көрмеде 15 түрлі техникамен жасалған ертегілер тақырыбындағы 100-ден астам жұмыстар ұсынылған.