Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 99%-ға толы. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды. Жабай өзенінің реттелмейтін ағыны артып жатыр, Атбасарда су тасқыны бар», — деді М. Әбдуәлиева республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Оның айтуынша, Астана су қоймасына түсетін су транзиттік режимде жіберіліп жатыр. Су қоймасына ағынның төмендеу үрдісі байқалады, онда тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
«Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өзен суының арнасынан шығуы жалғасып жатыр. Осы сағатта Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі — 1038 см, ол бір тәулікте 144 см-ге көтерілді. Аймақта күрделі жағдай сақталуда», — деп толықтырды спикер.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты.
Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы 80% су жинады.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 97%-ға толды. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі басталды.
Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 72%-ға толды. Иракла су қоймасынан жіберілген су Қазақстан шекарасына әзірге жеткен жоқ.
Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтіліп отыр.
Қарағанды облысында 4 ірі су қоймасы 100% толды, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 92%, су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмыс істеп тұр.