Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы эксперименттік жолақ Сәтпаев көшесіндегі жолда пайда болды. 1100 метрлік сары жол белгісі жүргізушілердің назарын бірден аударады.
«Эксперимент жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Нәтижесі бойынша ҚР заңнамалық актілеріне, сондай-ақ Жолда жүру ережелеріне де тиісті өзгерістер енгізу жоспарланған. Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту - әкімшілік полиция міндеттерінің бірі», - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Назар Байматов.
Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулованың айтуынша, жол белгісі 4 жылға жетеді. Жолақы салыға термопластик қолданылған. Жалпы биыл Петропавлдың 15-ке жуық көшесінде жол белгілері жаңартылмақшы.
«Термопластик - ұнтақ түріндегі сыр. Көпке жетеді, өшіріліп қала бермейді. Сапасынан бөлек, салынған жол белгілері мен таңбалар түнде де жарқырап тұрады. Оны салу үшін күн шығып тұруы керек, сол себепті жұмыстар сағат 12.00-13.00 аралығында атқарылады. Сары түспен бояу әзірге қанат қақты жоба, еуропалық стандарттарға сай салынып жатыр. Нәтижесінде жол белгілері қыста да жүргізушілерге көрінеді», - дейді Әсем Айтулова.