Тамыз айының басында ұрылар «Жас өркен» шағын ауданында көпқабатты үш үйді газсыз қалдырды. Белгісіз біреу подъезге кіре берістегі газ шүмектерінің қоладан жасалған бұрандаларын шешіп әкеткен.
Ұрлық, кейін белгілі болғандай, «Береке» шағынауданында және қала орталығында да жасалған. «Горгаз-сервис» ЖШС-гі осындай 30 бұранданың жоғалғанын айтып, оның әрқайсысын кемінде 11 200 теңгеден бағалады. ЖШС қауіпсіздік қызметі полицияға жүгінді.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, газ құбырының бұрандаларын қолды етіп келген ұры ұсталды. Петропавл полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде қала маңындағы елді мекеннің 26 жастағы тұрғынының бұл қылмысқа қатысы барын анықтады. Ол бұрын да қылмыстық жауапқа тартылған екен.
Ұрланған заттың бір бөлігі металл қабылдау орнынан алынды.
Ұсталғанның айтуынша, ол бұрандаларды қолмен бұрап көрген, ал шешілгендерін иемденіп отырған, газдың таралуы жайлы, оның қауіпті екенін мүлдем ойламаған.
«Горгаз-сервис» ЖШС тарапынан сомасы 896 мың теңгеге талап арыз берілді. Қазіргі уақытта материал ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлігі «Ұсақ ұрлық» және ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа тапсырылды. Бірер күн бұрын ер адам 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – дейді Петропавл қаласы ПБ тергеу бөлімінің бастығы Нұржан Омаров.
Ақерке Дәуренбекқызы