Салдарынан үш жұмысшы зардап шекті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
СҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сағат 16.11-де Борки кентінің Зеленая көшесінде газгольдердің жарылғандығы туралы хабар келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына 7 минутта жетті. Газгольдер 1 шаршы метр аумақта лаулап жанып жатты.
«Өрт сағат 16.54-те ауыздықталып, 17.06-да толығымен жойылды. Жалынның тұрғын үйге және жақын маңда орналасқан орманға жайылуына жол берілмеді», - деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Евгений Журавлев.
Жалынмен күреске Петропавлдың екі өрт сөндіру бөлімінің 5 техникасы мен жеке құрамының 22 адамы жұмылдырылды.
Зардап шеккен газ компаниясының жұмысшылары 2-3-інші дәрежедегі күйік жарақаттарымен 3-қалалық аурухананың жансақтау және бет-жақсүйек бөлімдеріне жеткізілді.