Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

Фото:instagram.com/volonterypetropavl

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Жиырма шақты күн бұрын жоғалған Ролан Зуевтің денесі бүгін қала маңындағы орманнан табылғаны белгілі болды.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 жастағы жігіттің неден мерт болғаны анықталып жатыр. 

Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. 

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Ролан Зуевтің хабар-ошарсыз кеткендігі туралы қаңтар айының ортасында оның әпкесі полицияға арызданған. Үйден шығып кетіп, байланысқа шықпаған.

Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, кинологтар, әскери қызметшілер, жедел-құтқару жасағының мамандары, сондай-ақ еріктілер қозғалысының өкілдері жұмылдырылды. 

Бұған дейін OrdaMed компаниясының басшысына іздеу жарияланғанын жазған едік.