Курсанттарды осынау айтулы оқиғамен құттықтауға жергілікті атқарушы биліктің, ІІМ Ішкі әскер қолбасшылығының өкілдері, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері, студенттердің туыстары мен жақындары келді.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловтің атынан әкімнің бірінші орынбасары Жанболат Смайылов, Ішкі әскер қолбасшылығының атынан - генерал-майор Ерік Ботақанов курсанттар курсанттарды құттықтап, оларға келешекте Отандарының лайықты қорғаушылары болу үшін жауынгерлік антты қатаң сақтауға, оқуда және әскери дайындықта озат болуға тілектестік білдірді.