Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «101» қызметіне Болатбаев пен Шухов көшелерінің қиылысында автобустың өртеніп жатқаны жөнінде хабар бүгін, сағат 9.10 шамасында түскен.
Өрт сөндірушілер 3 минутта жетіп, жолаушылар көлігін 7 минутта толық сөндіріп алды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«Өрт 22 М бағыттық автобусының қозғалтқышынан шыққан. Өрт сөндірушілер келгенде жүргізуші далада жүрген. Оның айтуынша, өз жұмысымен кетіп бара жатқандықтан автобус бос болған. 4 шаршы метр аумақ өртке оранып, көліктің жүргізуші отыратын жеріне, аспаптар панеліне зақым келді», - дейді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары мекемесінің баспасөз хатшысы Аман Әуесханов.
Жалпы СҚО-да жыл басынан бері 62 көлік жанған. Соның 44-і - жеңіл көлік, 9-ы - жүк көлігі және 3 автобус өртенді.