Петропавлда «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы өтті

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы халық көп жиналатын сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде Telegram-дағы EgovKzBot және Mgov.kz қосымшасын түсіндіріп, тарату мақсатында «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарғаарналған үкімет» КЕ АҚ СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, шарабарысында петропавлдықтарға электронды цифрлы қолтаңбаны қалай рәсімдеугеболатыны, мобильдік үкіметте тіркелу, сондай-ақ айыппұл мен салықтарды онлайнтүрде қалай төлеу керектігі көрсетілді. Сондай-ақ мамандар тұрғындарға «электрондықүкімет» веб-порталын қолдану дағдыларын үйретіп, мобильді азаматтар базасынатіркеді.

Мамандардыңайтуынша, бүгінде Telegram қосымшасындағы @EgovKzBot арқылы 25 қызметқолжетімді. @EgovKzBot сервисі арқылы әр азамат өз бетінше мемлекеттікқызметтерді ешқайда бармай, смартфон арқылы ала алады. Оның ішінде мекенжайанықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, психо және наркодиспансердіңанықтамалары бар, сондай-ақ дәрігерді де осы арқылы үйге шақырып, қабылдауынажазылуға болады.

MGov.kz мобильдіқосымшасы арқылы білім, отбасы, жылыжымайтын мүлік, денсаулық сақтау салаларыбойынша және т.б. 77 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

«Жиі сұралатынанықтамалардың ішінде мекенжай, соттылықтың болмауы, психиатриялық,наркологиялық диспансерлердің анықтамалары бар. Бұған қоса кез келген азамат өзүйіне неше адамның тіркелгенін де қарай алады. Халыққа қызмет көрсету орталығынакелмес бұрын талонды броньдау арқылы,алдын ала кезекке жазылу мүмкіндігі де бар», - дейді «Азаматтарға арналғанүкімет» мемлекеттік корпорациясы СҚОФ мамандары.

Филиалдың баспасөзқызметінің мәліметінше, азаматтардың бұл қосымшаға деген сұранысы артып келеді,тек соңғы екі айда ғана облыста 1700-дей адам тіркелген.

Ал «ҚалтаңыздағыХҚО» акциясы жақында өңірдің барлық аудан орталықтарында өтеді.

Соңғы жаңалықтар