БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Керееваның мәлім еткеніндей, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден (145) көп.
Гүлдана Қайыржанқызының сөзіне қарағанда, сырқаттанушылық облыстың барлық ауданында анықталды.
Маманның айтуынша, туберкулездің алдын алу үшін дүниеге келген сәбиді перзентханада алғашқы төрт күн аралығында БЦЖ вакцинасымен міндетті түрде вакцинациялау керек. Сондай-ақ жылына бір рет флюрографиялық тексеруден өтіп тұру, салауатты өмір салтын ұстану маңызды.
Сол секілді өңірде 17 адамның бруцеллез жұқтырғаны (өткен жылы осы мерзімде — 13) белгілі болды. Соның 9-ы Ақжайық, төртеуі Бәйтерек ауданы, екі-екіден Орал қаласы мен Теректі ауданында тіркелді.
— Бруцеллездің алдын алу үшін рұқсат етілмеген жерлерден мал өнімдері мен шикізаттарын сатып алмаған жөн. Мал сатып алған кезде ветеринариялық анықтаманы талап ету артық болмайды. Оған қоса үй жануарларын бруцеллез індетіне уақытылы лабораториялық тексеруден өткізу, оң нәтиже анықталған жағдайда ауру малды дереу жойып, орнын зарарсыздандыруды ұмытпау қажет, — деді Гүлдана Кереева.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қызылшамен ауырғандар саны 300-ге жуықтағанын жазған едік.