Петропавлда қайта даярлықтан өтіп, жаңа мамандықты тегін меңгеруге болады

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласында 7 оқу орны негізінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындардыжұмыспен қамту орталығының мәліметінше, мақсат - «Еңбек»нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021жылдарға арналған бағдарламасынжүзеге асырып, халықты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқыту.

Петропавл қалалықәкімдігі мамандарының айтуынша, облыс орталығында 7 оқу орны негізінде қайтадаярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтуге болады. Олар: Петропавлқұрылыс-экономикалық колледжі, Солтүстік Қазақстандық кәсіптік-педагогикалықколледжі, Гуманитарлық-техникалық колледж, Рестораторлар мен отельерлерқауымдастығы және «Швейный профессионал», «Радуга» ЖШС, «Содэль» бухгалтерлікфирмасының оқыту орталықтары.

Петропавл қаласыбойынша биыл 420 адам қайта даярлықтан өтуі тиіс. Осы мақсатқа республикалыққазынадан 96,3 млн теңге, жергілікті бюджеттен 10,6 млн теңге бөлінген.

Қала тұрғындарыарасында аспаз мамандығы сұранысқа ие – 40 адам меңгеріп шыққан. Кондитерліккурсты 30 адам аяқтаса, электргаздәнекерлеушінің сертификаты 25 адамғаберілген. Бұдан басқа петропавлдықтар тігінші, автоэлектрші, тракторшы, электршісияқты көптеген жұмысшы мамандықтарын меңгере алады.

Қазіргі таңда қысқамерзімді курстарға 332 адам жіберілген. 245-і оқуын тәмамдап, 65-і бірденжұмысқа орналастырылды. Тағы шамамен 100 адам оқуды қыркүйек айында бастамақ.

Соңғы жаңалықтар