Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Петропавлдағы Абай көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен хабар түскен.
Онда пәтерде эротикалық дене массажы қызметі көрсетілетіні айтылған.
«Stop-трафик» жедел-профилактикалық жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғын үйдің пәтерінде 46 жастағы әкімші әйел, сондай-ақ 21 және 22 жастағы екі бойжеткен ұсталды.
Бұл пәтерде олар ақша үшін эротикалық дене массажын істейтіні белгілі болды.
Осы факт бойынша әкімшіге қатысты ҚР ӘҚБтК 450-бабының 1-бөлігі бойынша материал жиналды.
Аталған баптың санкциясы жеке және лауазымды тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.